Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАқтөбе облысында КамАЗ көлігінің жүргізушісі мектеп оқушысын қағып кетті. Бұл туралы өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы.
Қайғылы оқиға 17 шілде күні шамамен 15:30 кезінде Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігінің жүргізушісі кері бағытта қозғалып келе жатып, велосипедпен келе жатқан жасөспірімді қағып кеткен.
Қайтыс болған бала 2012 жылы туған. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.
Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші асфальт төсеп жатқан және баланы байқамай қалған.
Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласында болған жол-көлік салдарынан кәмелетке толмаған бала қайтыс болған. Бұл жайтқа байланысты қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәлімет бойынша, КамАЗ жүк көлігінің жүргізушісі кері бағытта қозғалып келе жатып, велосипедтегі баланы қағып кеткен. Жасөспірім алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты. Қажетті сараптамалар тағайындалды, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, – делінген Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары