6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерЭнергетика министрлігі жоспарға сәйкес, Ақтөбе облысына биылғы жылдың үшінші тоқсанына 32 945 тонна сұйытылған мұнай газын бөлді, оның ішінде тамыз айына 12 399 тонна, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сонымен қатар, осы айда қосымша 1 213 тонна сұйытылған мұнай газын бөлу туралы шешім қабылданды.
Ақтөбе облысының энергетика және ТКШ басқармасының ақпаратына сүйенсек, 4 тамыздағы жағдай бойынша 2 295 тонна газ жөнелтілді.
Қазіргі уақытта Ақтөбе қаласының автогаз құю станцияларында сұйылтылған газды бөлшек саудада өткізу құны 1 литр үшін 54 теңгені, ал облыс орталығынан шалғай аудандарда (200 километрден астам) 1 литр үшін 59 теңгені құрайды.
Ақтөбе жанармай құю бекеттеріндегі ахуал бақылауда. Облыс әкімі Ералы Тоғжановтың тапсырмасымен басқарма мамандары 47 автогаз құю станциясына барды. Газ 36 бекетте сатылымда болды. Қалғандарына өнім алдағы екі күнде жеткізіледі.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі