Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАқтөбе облысы Ырғыз ауданында су тасқынының алдын алу шаралары жүргізілуде. Қорғаныс құрылыстарын нығайту және су басу қаупінің алдын алу жұмыстарына Ақтөбе облысы ТЖД күштері мен ҚР ТЖМ 20982 әскери бөлімінің қызметкерлері қатысып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, негізгі жұмыс Мамыр және Жайсанбай елді мекендерінде жүргізілді.
Мұнда жағалауларды бекіту және қорғаныс бөгеттерін жасау бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. Бір тәулік ішінде 2300 қап құм төселіп, 80 тонна инертті материал пайдаланылды. Сонымен қатар, Нұра ауылын Белшер елді мекенімен байланыстыратын жаяу жүргіншілер көпірін нығайту жұмыстары жүргізілді, - делінген мәліметте.
Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді іс-қимылының арқасында су тасқыны қаупі барынша азайтылып, жергілікті халықтың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. Алдын алу жұмыстары жалғасуда.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары