6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАқтөбе облысында тұрғын үйлер мен аула аумақтарынан су сору жұмыстары жалғастырылуда, деп хабарлады El.kz ақпараттық агенттігі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазіргі таңда Қобда ауданының Қобда ауылында тартылған күштер мен құралдармен 13 тұрғын үйден су сору жұмыстары жалғасуда. Тартылған күштер мен құралдардың жұмысын су басқан үйлердің ойпат жерлерде орналасуы, сонымен қатар ойпат жерлерде еріген қар суының көп мөлшерде жиналу фактісі қиындатады.
Бұған дейін эвакуацияланған 12 адам уақытша эвакуациялау пункттерінде, 79 адам туыстарының үйлеріне орналастырылды. 365 адам өз үйлеріне оралды.
Өткен тәулікте 362 текше метр еріген қар суы сорылды, инертті материал салынған 850 қап төселді. Жұмыстарға жергілікті атқарушы органдар мен ТЖ департаментінің жеке құрамынан 100-ден астам адам мен 10 бірлік техника жұмылдырылды.
Бүгін 26 наурызда Қобда кентіне ТЖ департаментінен 32 адам мен 12 бірлік техникадан, оның ішінде су сору құралынан тұратын қосымша күштер мен құралдар жіберілді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі