Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліАқтөбе облысында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы су тасқынының жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
20 наурызда таңғы уақытта «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» республикалық маңызы бар А-26 автожолының 288-ші шақырымында еріген қар суы жол учаскесін су басып, оның салдарынан су тасқыны орын алған еді.
Жол бетіндегі еріген судың ені 300 метр, биіктігі шамамен 20-30 сантиметрге жетті. Бұл аумақта бір су өткізгіш құбыры бар, ол тұрақты жұмыс істеп тұр.
Сондай-ақ, су ағынын бөгеу және оны болдырмау мақсатында 650 қап құм және қосымша 480 тонна құм төселді.
Су тасқынын жою үшін «КАЖсервис» ЖШС (ДЭУ-13, Шалқар) филиалынан 5 жұмысшысы және 3 бірлік мамандандырылған техника жұмылдырылды. Жолдың бұл бөлігінде көлік қозғалысы шектелмеген, көліктер кедергісіз қозғалуда. Жол жағдайы тәулік бойы бақылауға алынғаны белгілі болды.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс