29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАқтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті құтқарушылары іздестіру-құтқару операциясын сәтті аяқтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шалқар ауданындағы шаруа қожалығының 1986 жылы туған жұмысшысы Қауылжыр ауылына бағыт алып, жолда адасып кеткені туралы хабарлама құтқару қызметіне кеше келіп түскен.
Бүгін құтқарушылардың іздестіру жұмыстары оң нәтижесін берді. Ер азамат Шалқар қаласынан 47 шақырым қашықтықта аман-есен табылды. Оның денсаулығы жақсы, медициналық көмекке мұқтаж болмағаны анықталды.
Іздестіру-құтқару шарасына ТЖМ құтқарушылары, кинолог маман және «Сальма» атты арнайы үйретілген ит, сондай-ақ полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар мен тұрғындар қатысты.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек