23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Ақтөбе облысында үшінші күн қатарынан қатты боран басылмай тұр. Қазіргі уақытта көліктің барлық түрлері үшін халықаралық маңызы бар Самара-Шымкент тасжолының Ақтөбе қаласынан Әйтеке би ауданы Қарабұтақ ауылына дейінгі бөлігі жабылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 50-ден астам полиция қызметкері, 17 патрульдік автокөлік жұмылдырылды. Олар тәулік бойы блок бекеттерде болады. Сондай-ақ жолдардың жабық учаскелерінде қалып қойған жолаушыларға көмектеседі.
Полиция жолда жүрген басқа да мекемелердің өкілдерімен бірлесіп, 30-ға жуық жеңіл және 20-дан астам жүк көлігін қар құрсауынан шығарып алды. Жол сақшылары азаматтарды алыс сапарлардан бас тартуға және метеорологиялық жағдайды ескеруге шақырады.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік