20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгін Астана қаласында өткен «Investment Aktobe-2022» VII Халықаралық инвестициялық форумы аясында Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов пен Omtis Ortadoğu Makina компаниясының құрылтайшысы Ибрагим Гүлтекин қант зауытының құрылысы жобасын жүзеге асыру туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және нарықты отандық өніммен толықтыру жөніндегі тапсырмасы аясында Батыс Қазақстанда қант қызылшасынан түйіршіктелген ақ қант өндіру бойынша ірі жоба жүзеге асырылмақ.
Қант зауытының құрылысы - Қазақстан үшін басым бағыттардың бірі, өйткені, еліміздің, атап айтқанда, Ақтөбе облысының нарығы импортқа тәуелді.
Күрделі инженерлік жобаларды салуда үлкен тәжірибесі бар Omtis Ortadoğu Makina 550 миллион АҚШ долларын инвестициялауға дайын. Зауыттың қуаттылығы жылына 330 мың тоннаны құрайды. 180 жұмыс орны ашылады.
Айта кетейік, форумға 30-дан астам елдің дипломатиялық миссиялары, Үкімет мүшелері, ұлттық холдингтер мен компаниялардың, қаржы институттарының, трансұлттық корпорациялардың басшылары, шетелдік және отандық ірі бизнес өкілдері, ғалымдар мен сарапшылар қатысты.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?