23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Ақтөбе облысының прокуратурасы Алға және Ойыл аудандық ауруханаларының қызметінде азаматтарға тегін қызмет көрсету бойынша бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алға ауданының аудандық ауруханасы созылмалы аурумен есепте тұрған 74 адамға қажетті анализдердің міндетті минимумын сақтамаған.
Мысалы, гипертониялық аурумен есепте тұратын науқас А.-ны аудандық аурухананың медицина қызметкерлері дер кезінде тексермеген, оған тиісті медициналық қызмет көрсетілмеген, зерттеу жұмыстары жүргізілмеген.
Артериялық гипертензия диагнозымен есепте тұрған, жүрек зақымдануы басым науқастарды қажетті тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етпеудің 36 жағдайы анықталды.
Ақтөбе облысы прокуратурасы араласуынан кейін ғана заң бұзушылықтар жойылып, 100-ден астам адам қажетті дәрі-дәрмекпен және қызметпен қамтамасыз етілді.
Сонымен қатар, қайтыс болғандарға медициналық қызмет көрсету фактілері анықталды. Көрсетілетін медициналық қызметтердің санын асыра бағалау мақсатында бұл қызметтер деректер базасына енгізілді.
Мысалы, 2023 жылдың қазан айында аудандық аурухана аудан тұрғыны С.-ны жалпы медициналық тексеруден өткізсе, ал ол 2023 жылдың шілде айында қайтыс болған.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша заң бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғалар қатаң тәртіптік жауаптылыққа тартылды.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік