6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАқтөбе облысындағы Темір ауданында мектеп оқушысын өлтіріп кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 2 қыркүйекте Темір ауданындағы Кеңесту ауылында болған. Жанжал кезінде 9-сынып оқушысы екінші оқушыны өлтірген. Бұл жағдай сабақтан тыс кезде, түнгі уақытта болған.
Темір аудандық полиция бөлімі кәмелетке толмаған баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғағанын хабарлады. Төбелескендер анықталып, полицияға жеткізілді.
Екі күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді, - деп хабарлады облыс Полиция департаменті.
Ақтөбе облысының білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан бұл жағдай бойынша тергеу жүріп жатқанын хабарлады. Мерт болған оқушының да, күдікті оқушының да отбасы есепте тұрмаған.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі