13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызМемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елімізде заңсыз иемденілген активтер есебінен әлеуметтік маңызы бар нысандар салу жобалары жүзеге асырылуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Ақтөбе облысында медициналық мекемелердің құрылысына Арнаулы мемлекеттік қордан шамамен 1,4 млрд теңге бөлінді.
Қаражат 11 нысанның: медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар құрылысына бағытталды.
2025 жылы Ақтөбе облысының келесі аудандарында фельдшерлік-акушерлік пункттер:
Ырғыз ауданы, Нұра ауылы
Байғанин ауданы, Ноғайты ауылында салынады.
Сондай-ақ медициналық пункттер:
Шалқар ауданы, Шоқысу ауылы,
Шалқар ауданы, Сарысай ауылы,
Мұғалжар ауданы, Жарық ауылы,
Шалқар ауданы, Тоғыз ауылы,
Қобда ауданы, Бегалы ауылы,
Ырғыз ауданы, Жарма ауылында салынады.
Дәрігерлік амбулаториялар:
Мұғалжар ауданы, Қайыңды ауылы,
Мұғалжар ауданы Мұғалжар ауылы,
Алға ауданы, Маржанбұлақ ауылында салынбақ.
Медициналық мекемелердің барлығы тәулігіне 25-45 келушіге қызмет көрсетуге есептелген, бұл жергілікті тұрғындар үшін сапалы медициналық қызметтің жоғары қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды