23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Ақтөбе облысында күйеуін пышақтап өлтірген әйел сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алға ауданы Тамды ауылының 47 жастағы тұрғыны отбасылық жанжал кезінде күйеуінің кеуде тұсына бірнеше рет пышақ сұққан. Сотта әйел қанша рет пышақ сілтегенін есіне түсіре алмады. Ауыр жарақат алған ер адам оқиға орнында көз жұмған.
Айыпталушы сол күні кешке күйеуімен шарап ішіп, ас дайындаған. Содан кейін үлкен ұлын алып, анасына баратын ойын айтқанда, күйеуі қарсылық білдіріп, балағаттаған. Тіпті, әйелдің киімін жыртып, өлтіретінін айтып қорқытқан. Жанжал соңы кісі өлімімен аяқталған.
Сотта әйел күйеуінің араққа салынғанын, бұған дейін бірнеше рет ұрып-соққанын жеткізді.
Сот әйелді күйеуін өлтіргені үшін 8 жылға бас бостандығынан айырды.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік