6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАқтөбе облысында көпбалалы әке үйінің шатырында есірткінің үлкен партиясын сақтаған. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
21 қыркүйек күні Ақтөбе облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ақтөбе облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, «Қарасора – 2023» жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қызметтік итті қолдана отырып, есірткіге масаң күйдегі ер адамды ұстады. Ұсталған 45 жастағы ер адамды тұрғылықты жері бойынша тінту кезінде үйінің шатырынан ерекше иісі бар жасыл түсті өсімдік заттары салынған бір қап табылды.
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 23 келі 500 гр марихуана есірткі құралы екені белгілі болды. Осы факті бойынша ұсталған адамға қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Бұл ретте күдіктінің алты кәмелетке толмаған баласының бар екені анықталды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі