Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАқтөбе облысында мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік оңалту жұмыстары мен іске асырылып жатқан қолдаулар жайы талқыланды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ләззат Оразбаеваның сөзінше, өңірде 30 954 мүгедек адам тұрады. Оның ішінде – 5 532 бала. Халықтың бұл санатын әлеуметтік қолдау арнайы әлеуметтік қызметтер порталы арқылы жүзеге асырылады. Онда техникалық құралдар мен қызметтердің 55 түрі бар. Жыл басынан бері портал арқылы 10 319 адам қызмет алды.
119 арнайы көлігі бар «Инватакси» қызметін 959 адам пайдаланып отыр. Сондай-ақ, 12 әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында 337 әлеуметтік қызметкер үйлерге барып көмек береді.
Қазіргі уақытта «Қазақстан халқына» қоры мен «Самұрық-Қазына» АҚ қолдауымен Темір ауданында менталдық және қозғалыс кемістігі бар балаларға арналған жаңа орталық ашу жобасы іске асырылуда, оны биыл жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді