Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАқтөбе облысында 3 жасар қыздың зорланғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы «Немолчи» қорының басшысы Дина Таңсәрі жазды.
Анасының айтуынша, қыз әкесінің туыстарына барған. Үйіне келгенде көкесінің тиіскенін айтып, шағым жасаған. Анасы баланы ауруханаға апарған. Дәрігер артқы жағында 2 сантиметр сызат барын растаған. Әйел дереу полицияға арыз берді, бірақ күдікті жазадан сытылып кете ме деп қорқады. Айтуынша, ол бұған дейін полиция қызметкері, тіпті әкім болған. Оны ауылдағылардың бәрі таниды, таныстарының көмегімен істі жылы жаба ма деп алаңдаулы, – деді Таңсәрі.
Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Күдікті анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Барлық қажет сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша заңды шешім қабылданады.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді