23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Ақтөбе облысында полицейлер жоғалған шопанды және 150 бас қойды тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Мал ұрысы" жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде шаруа қожалықтарын аралап, рейдтік жұмыстар жүргізу барысында 6 желтоқсанда Қобда ауданындағы шаруа қожалықтарының біріне барған полицейлерге қожалық басшысы малшысының және 150 бас қойының жоғалғаны туралы арызданды. Оның айтуынша, далада қой бағып кеткен шопанды қойларымен таба алмағанына екінші күн болған. Бірінші күні фермер іздеу жұмыстарын өз күшімен жүргізген, алайда оң нәтиже бермеген соң, полицияға хабарламақ болған.
Полиция қызметкерлері дереу жоғалған шопанды іздеуге кірісті. Іздеуге 20 адам мен бірнеше техника жұмылдырылды, бұл - полиция, төтенше жағдайлар және аудан әкімдігінің қызметкерлері, 5 бірлік автокөлік пен дрон.
Іздеу іс-шаралары барысында далалықтар, жыралар мен орман белдеулері тексерілді. 7 желтоқсан күні кешке полиция қызметкерлері шаруа қожалығынан 25 км қашықтықта қойларды шаруашылыққа қарай айдап бара жатқан шопанды тапты.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік