Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерБюджет қаражатын заңсыз иемденгені үшін бухгалтер 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақтөбе облысы прокуратурасының мәліметінше, Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының прокуратурасы мектепке дейінгі ұйымдарда 54 млн теңгеден астам бюджет қаражатын заңсыз иемденiп алу деректерін анықтады.
«Балауса», «Гүлдер», «Шапағат» және «Арай» балабақшаларының бухгалтерлері басшыларының атынан құжаттарға қол қойып, өздерінің есеп-шоттарына заңсыз ақшалар аударған. Барлық көрсетілген деректерге қатысты аудан прокуратурасымен бухгалтерлерге қатысты ҚК-тің 189-бабының 2 және 4-бөліктерімен (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды, - делінген мәліметте.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесінде «Шапағат» және «Арай» балабақшаларының бухгалтерлері жалпы сомасы 5 млн теңгеден астам шығынды өтеулеріне байланысты қылмыстық істер өндірістен тоқтатылды.
«Балауса» және «Гүлдер» балабақшаларының бухгалтері 49 млн теңге қаражатты заңсыз иемдену деректеріне қатысты сот үкімі шығып, ол 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі