22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыАқтөбе облысының Алға аудандық ауруханасына компьютерлік томограф сатып алынды. Жақында «ФЛЮКАР» және маммограф құрылғысы жеткізілмек, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өңір басшысы Асхат Шахаров Алға аудандық ауруханасының күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Ауруханада жылыту жүйесі, терезелер, есіктер, еден жабыны толығымен ауыстырылып, шатыр жұмыстары жүргізілді.
Бас дәрігер Әлібек Қуашов 1975 жылы салынған аурухана күніне 500 келушіге есептелгенін айтты. Тәулік бойы жұмыс істейтін стационарда 71 төсек-орын бар. Науқастар 90 төсек-орындық күндізгі стационарда ем ала алады. Мұнда 70 дәрігер және 273 орта медициналық қызметкер жұмыс істейді. Емдеу мекемесіне 1 ФАП, Алға ауданының 19 амбулаториясы бекітілген. 2024 жылы ас блогы мен шаруашылық корпусының ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілген.
Облыс әкімі аяқталған жөндеуден кейін аурухананы қарап, пациенттер үшін жасалған жағдайлармен танысты. Ол халыққа, әсіресе ауылдық жерлерде сапалы және қолжетімді көмек көрсету үшін медициналық мекемелерді жаңғыртудың маңыздылығын атап өтті.
Аудандық ауруханада 187 млн. теңгеге компьютерлік томограф орнатылды. Жақында мұнда жаңа жылжымалы флюрография кешені және маммограф құрылғылар жеткізіледі. Біз жергілікті бюджет арқылы аудандардағы медициналық мекемелердің қажеттіліктерін қамтамасыз етуге тырысамыз. Сондай-ақ, мәслихат депутаттары әрқашан ауылдық денсаулық сақтау саласының сауалдарын қолдайды, - деді А.Шахаров.
Өз кезегінде аурухана қызметкерлері жергілікті билік органдарының ауылдық денсаулық сақтау саласына көңіл бөлгені үшін алғыстарын білдірді.
«Ауруханада өте жақсы жөндеу жүргізілді, ас блогы мен шаруашылық блогы да жөнделді. Осындай жақсы бастамалар тек аудан орталығында ғана емес. Жақында шалғай ауылдарда екі медициналық пункт ашылды, дәрігерлік амбулатория салынуда. Айта кету керек, ауданның санитарлық көлік паркі 100%-ға жаңартылып, жедел жәрдем қызметінің жұмысын жақсартты», - деді эпидемиолог-дәрігер Әмет Нәбиев.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев