23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАқтөбе облысында биылғы күздің алғашқы қары жауды. Әсіресе облыстың солтүстігі мен солтүстік-шығысындағы Хромтау және Мәртөк аудандарында қар қалың түскен. Жергілікті тұрғындар қар басқан жолдар мен аулалардың видеоларын әлеуметтік желілерде жариялап жатыр.
«Қазгидромет» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалының мәліметінше, 4 қазанда өңірдің батысы мен солтүстігінде қатты жауын-шашын — жаңбыр мен қар күтіледі. Солтүстік-батыстан және батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетеді.
Синоптиктер 4 қазанда облыстың оңтүстігі мен шығысында жел екпіні 23–28 м/с-қа дейін күшейетінін ескертті. 5 қазанда осындай қатты жел облыстың солтүстігі мен шығысында болжанып отыр.
4 қазанға қараған түні ауа температурасы 0–5 градус жылы болады, ал облыстың батысы мен солтүстігінде 5 градусқа дейін аяз болуы мүмкін. Күндіз ауа температурасы 2–7 градус жылы болады.
Ауа райының күрт нашарлауына байланысты Ақтөбе облысының полиция департаменті жүргізушілерді жолда барынша сақ болуға шақырды. Қар аралас жаңбыр салдарынан жолдағы көріну қашықтығы төмендеп, көктайғақ болуы ықтимал.
Полиция жүргізушілерге жылдамдықты асырмауды, көліктер арасындағы арақашықтықты ұлғайтуды, қауіпті маневрлерден бас тартуды және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертті.
Бұған дейін синоптиктер Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райының нашарлайтынын хабарлаған. 4–5 қазанда еліміздің солтүстік, орталық және өзге де аймақтарында жаңбыр мен қар, көктайғақ, тұман және қатты жел күтіледі.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады