Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыМемлекеттік қолдау шараларының арқасында Шалқардағы 58 отбасы жаңа жылды өз үйлерінде қарсы алып, қоныстойын тойлады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақтөбе облыстық әкімдігінің мәліметінше, Асхат Шахаров Шалқар ауданына сапары барысында жаңа үйлерді аралап, жаңа қоныс иелерінің өмір сүру жағдайларын біліп, тұрғындармен әңгімелесті. Әкім азаматтарды жайлы және қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мемлекеттік саясаттың басымдықтарының бірі болып қала беретінін атап өтті.
Кезекте тұрған азаматтарды баспанамен қамту мемлекеттік бағдарламасы аясында Шалқарда 24 пәтерлік үш коммуналдық үй салынды. Сонымен қатар «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен бюджет қаражаты есебінен 17 екі пәтерлі үй (34 пәтер) сатып алынды. Барлығы 58 отбасы жаңа баспана кілтін алды, - делінген мәліметте.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар