22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыАқтөбе облысының Ақжар-2 тұрғын алабында 300 орындық «Жайлы мектеп» салынып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Бабек Құрылыс» ЖШС мердігерлік ұйымы жоба бойынша оқу орнын 31 желтоқсанға дейін тапсыруы тиіс. Алайда, құрылыс компаниясы жаңа оқу жылында пайдалануға береміз деп уәде беріп отыр.
Облыс әкімі Асхат Шахаров салынып жатқан нысанның құрылыс алаңында болып, жобаның уақытылы әрі сапалы аяқталуы үшін құрылысшылардың қарқынын арттыру қажеттігін қадап айтты. Сондай-ақ, 1 тамыздан бастап, мектептің айналасы абаттандырылып, жол салынуы тиіс. Құрылыс барысын бақылауда ұстау және туындаған мәселелерді жедел шешу мақсатында күнделікті мониторинг жүргізіліп отыр.
Қазір мектеп құрылысына 45 адам жұмылдырылды. Алдағы күндері Қобда ауданында су тасқынынан зардап шеккендерге үй салып жатқан құрылысшылар босайды. Бұл шамамен 40 адам. Біз оларды осында тартып, жұмыс күшін арттырамыз. Құрылыс материалдары жеткілікті. Біз барлық норманы сақтап, сапасына мән бере отырып, жұмыс істейміз, - деді жоба жетекшісі Евгений Львов.
Ақжар-2 тұрғын алабында бой көтеретін 300 орындық «Жайлы мектептің» жобалық құны - 3,2 млрд. теңге. Құрылыс былтырғы жылдың тамыз айында басталды. Жаңа мектепте оқушылар үшін заманауи сыныптар, спорт залдары, зертханалар және кітапханалар қарастырылған.
Айта кету керек, Ақжар-2-де үш мектеп болғанымен, орын тапшы. Ал жаңа нысанның ашылуы бұл мәселені шешеді.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев