Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБиыл Ақтөбе облысында мың жарымға жуық тұрғыны бар Мұғалжар ауданының Жарық, Темір ауданының Алтықарасу, Еңбекші ауылдарына газ құбыры тартылады. Бұл туралы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқарма басшысының орынбасары Нұршашқан Ізбасарова Ақтөбе өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның сөзінше, биыл облыста 27 елді мекенді көгілдір отынмен қамту үшін 21 жоба жүзеге асырылып жатыр. Оның бесеуі – былтырғы жылдан, 16-сы — жаңа жоба. Бұл жобалар 2025 жылы елді мекендердің 64 пайызын, сондай-ақ облыс халқының 97,2 пайызы газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Келер жылы өңірімізде ауылдарды газбен қамту бағытында бірнеше жоба жүзеге асырылады. Мәселен, биыл «Qazaq Gaz Aimaq» акционерлік қоғамы облыстық филиалының инвестициялық бағдарламасы аясында Мұғалжар ауданы Қожасай ауылында басталған газ құбырын тарту жұмыстары келер жылы аяқталады. Сондай-ақ 2025 жылы облыста 9 ауыл көгілдір отынмен қамтылады. Бүгінде оның үшеуінің құжаттары әзірленсе, алтауының құжаттары дайындалып жатыр, — дейді Нұршашқан Ізбасарова.
«Самұрық-Қазына» қоры облыстағы 20 елді мекенді газбен қамтамасыз ету мақсатында 9,2 миллиард теңге қаржы бөлсе, қосымша 4 ауылды көгілдір отынмен қамту үшін облыстық бюджеттен 365,2 миллион теңге бөлінген.
Қазір облыста Ақтөбе қаласы мен оған іргелес жатқан елді мекендерді, сондай-ақ кәсіпорындарды газбен жабдықтау мақсатында «Бұхара-Орал» магистралды газ құбырының үшінші желісін салу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл мақсатқа 43,1 млрдтеңге қаржы бөлінген. Бұл жоба қараша айында аяқталмақ.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары