23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Ақтөбе облысында 22 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті пайдаланылмайтын жерлер мен заңнаманы бұза отырып берілген жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша жұмысты жалғастыруда.
Тексеру нәтижелері бойынша Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Жаңақоныс ауылдық округінде орналасқан «Рахымжан» шаруа қожалығында ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру базасы бойынша алаңы 22 300 гектар жер учаскесіндегі жайылымда малдың жоқтығы анықталды, - делінген мәліметте.
Шалқар ауданы әкімдігі мен Жер ресурстарын басқару комитетінің бірлескен түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде жер учаскесі ауданның жер қорына қайтарылды.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік