18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккендердің 2 мыңға жуығы өтемақы алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ырғыз ауданында су тасқынына қарсы шаралар атқарылуда. Бұл жақта 81 үйді су басқан еді. Қазіргі уақытта жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілуде.
Белшер кенті 90 дана қап төселіп, 30 тонна инертті материал әкелінді; Құйлыс ауылында 150-ге жуық адам жұмыс істеп жатыр, 9 бірлік техника тартылған, 310 дана қап төселіп, 110 тонна инертті материал әкелінді; Жайсаңбай ауылы бойынша 125 адам, 6 бірлік техника тартылған, 290 дана қап төселіп, 110 тонна инертті материал әкелінді, - деді Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз хатшысы Гүлбағда Көбеева ОКҚ алаңында өткен брифингте.
Ауданға гуманитарлық көмек ретінде азық-түлік, дәрі-дәрмек, төсек-орын, барлық қажетті зат жеткізілді. Облыс бойынша су тасқынынан зардап шеккен 1966 азамат бірреттік әлеуметтік төлем алды. Төлем сомасы 638 млн 862 мың теңгені құрайды. Сонымен қатар, бүлінген мүлік, жасалатын жөндеу жұмыстарына да ақша берілуде.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр