Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАқтөбе облысында «Абайды оқы, таңырқа!» атты бірыңғай оқу сағаты ұйымдастырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық әкімдік мәліметінше, игі шараға облыстың барлық білім беру ұйымдарындағы 180 мыңнан астам оқушы қатысып, ұлы ақын, ойшыл әрі ағартушы Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен қара сөздерін бір мезетте тебірене оқыды.
Таңғы сағат 10:00-де облыстағы 433 мектептің барлығында поэтикалық оқулар, театрландырылған қойылымдар мен әдеби композициялар ұйымдастырылды.
Оқу сағатының мақсаты Абай шығармашылығын кеңінен насихаттап, жас ұрпақтың рухани дамуына серпін беру, көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру болды, - делінген мәліметте.
Іс-шара бастауыш, орта және жоғары буын оқушыларына арнайы ұсынылған шығармалармен жүргізілді. Бүлдіршіндер Абайдың «Жаз», «Қыс», «Күз», «Ғылым таппай мақтанба» секілді өлеңдерін оқыса, орта және жоғары сынып оқушылары ақынның терең философиялық ойлары мен ұлт тағдырына арналған қара сөздерін мәнерлеп жеткізді.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады