28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАқтөбе облысынан Қостанай қаласына дейін жаңадан газ құбыры салынады. Жоба туралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың Қостанай облысына жұмыс сапары аясында өңір әкімі Құмар Ақсақалов айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауқымды жобаны іске асыру елді мекендерді де, оған қоса көп отын көлемін қажет ететін ірі инвестициялық жобаларды да газдандыруға мүмкіндік береді.
Айта кету керек, Қостанай облысында ауылдық елді мекендердің тек 28%-ы орталық газбен қамтамасыз етілген. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы қаңтар айында Қостанай облысына жұмыс сапары кезінде Ақтөбе облысынан Қостанайға дейін магистральдық газ құбырын салу жөнінде тапсырма берген болатын.
ҚР Энергетика министрлігі «QazagGaz» ҰК» АҚ-мен бірлесіп, бірден техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуге кірісті. Қазіргі уақытта жұмыс толық қарқынмен жүріп жатыр.
Менің білуімше, болат өнеркәсібіне арналған шикізат – ыстық крикетті темір өндіру жобасын іске асыру үшін газдың үлкен көлемі қажет болады. Сонымен қатар қажетті шикізат базасы мен білікті кадрлар бар, ендігі кезекте халықаралық сапа және экология стандарттарына сәйкес келетін түпкілікті өнім шығару, терең өндеу өндірісін жолға қою қажет, - деді Роман Скляр.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?