2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліАқтөбе облысына қарасты Ырғыз ауданының орталығында 50 тұрғын үй бой көтереді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Су тасқынынан зардап шеккен өңірге 11 мердігер компания құрылысқа қажетті барлық материал бар деп отыр. Қазіргі таңда кейбір тұрғын үйдің іргетасы құйылса, 3 үйдің қабырғасын қалана бастаған.
Асылбек Есенбаев мердігерлерге құрылыс жоспарға сәйкес, уақытылы аяқталу керектігін, эвакуациялық пунктегі тұрғындар жаңа баспаналарын күтіп отырғанын алға тартты. Тұрғын үйлердің құрылысы - облыс басшылығының қатаң бақылауында.
Құрылысшыларға «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының 10 сарбазы көмектесуде. Нұра ауылының тұрғындары үшін салынатын баспаналардың құрылыс жұмыстарына да мердігерлер кірісті. 12 маусым күні тұрғын үйдің іргетасын қазуға техникалар жеткізілді. Ал бүгіннен бастап геодезистер әрбір тұрғын үйдің қазығын қағып жатыр.
Ырғыз ауданында су тасқынынан зардап шеккен 7 отбасы екінші нарықтағы үйге көшсе, 134 отбасы жаңа баспананы күтіп отыр.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс