Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАқтөбе облысы Алға қаласында электр станциясы өртенді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы ТЖМ мәлімдеді.
2023 жылғы 8 ақпанда сағат 09: 39-да Алға ауданының №6 өрт сөндіру бөлімінің "101" пультіне Айымбетов көшесіндегі Алға электр станциясының ашық жалынмен жануы туралы ақпарат келіп түсті.
Шақыру орнына 18 құтқарушы және 4 бірлік техника жіберілді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына құтқарушылар келгеннен кейін ғимараттың кіреберіс қақпасының есігін бұзып ашу жүзеге асырылды.
Өртті сөндіру барлық қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, көбікпен жүзеге асырылды. Өртті сөндіру барысында құтқарушылар өрттің көршілес қосалқы станция секцияларына таралу қаупі жойылды.
Алды ала деректер бойынша өрт алаңы 50 шаршы метр. Өрт 10 сағат 29 минутта оқшауланып, 10 сағат 40 минутта сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда. Ақтөбе облысы ТЖД өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?