Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен Ғалымжан Алмасбекұлы Елеуов Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол 1978 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген, білімі - жоғары, медицина ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор.
2001 жылы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік медицина академиясын, 2008 жылы Астана қаласындағы Қазақ мемлекеттік заң академиясын, 2011 жылы Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебін бітірген.
Еңбек жолын Ақтөбе қалалық емханада қарапайым дәрігерден бастап, бас дәрігердің орынбасары лауазымына дейін көтерілген.
2010-2021 жылдары Ақтөбе, Астана қалаларындағы жеке оңалту медициналық орталықтарының директоры қызметтерін атқарды.
2021 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 7, 8 шақырылымдарындағы депутаты болды.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары