Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚаржылық мониторинг агенттігі жүктілік және босану бойынша жәрдемақылар мен атаулы әлеуметтік көмек түріндегі әлеуметтік төлемдерді заңсыз тағайындау деректерін әшкереледі, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
2024-2025 жылдары 1,2 млрд теңге көлеміндегі залалмен 13 сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Оның ішінде жүктілікке байланысты жәрдемақыны заңсыз рәсімдеу бойынша 10 іс қаралып, 15 адам жауапқа тартылды.
Жалған жұмыспен қамту арқылы 385 әйелге жәрдемақы заңсыз беріліп, мемлекетке 1 млрд теңгеден астам шығын келді. Мысалы, Ақтөбе облысында 70 әйелді жалған жұмысқа орналастырған екі адам 6 жылға сотталды. Шымкентте осыған ұқсас іс бойынша бір азаматша 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Агенттік атаулы әлеуметтік көмекке бөлінген қаражатты жымқыру деректері бойынша да тергеу жүргізіп жатыр. Бұл істерде жалған тұлғалар әлеуметтік көмек алушылар тізіміне енгізіліп, қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылған.
Құжаттарды рәсімдеу процесінің цифрландырылуының арқасында мұндай алаяқтықтардың жолы 2023 жылдан бері кесілді. Бұдан бөлек, жәрдемақыларды тағайындау кезінде «өткен күнмен» жасалған зейнетақы жарналары енді есепке алынбайды.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары