30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыАстанада Қазақстан Республикасы Суперкубогы алдында қатысушы командалардың баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Ақтөбе» клубының бас бапкері Игорь Леонов пен қорғаушысы Әлібек Қасым команда дайындығы мен алдағы маңызды матчтың мән-маңызы туралы өз ойларымен бөлісті.
Леоновтың айтуынша, команда дайындықтарын жоспарға сәйкес жүргізген және биылғы маусымға сақадай саймыз дейді.
Маусым алдындағы дайындық біз қалағандай өтті. Жақсы дайындалдық, барлық талаптар орындалды. Жаңадан қосылған ойыншылар – Жан мен Рабьо келді. Команданы толықтыруды жалғастырамыз. Әлі бір ойыншыны күтіп отырмыз, - деді команданың бас бапкері.
Әлібек Қасым алдағы Суперкубок матчына үлкен мән беріп, бұл трофейдің клуб үшін маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, Қасым «Ақтөбе» клубы қайда барса да жанкүйерлердің қолдауы көп болатынын және Суперкубок матчында жеңіліссіз статистиканы сақтауға тырысатындарын жеткізді.
Еске сала кетейік, Қазақстан Суперкубогы ойындары 22 ақпанда яғни ертең «Ақтөбе» мен «Қайрат» командалары арасында өтеді.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды