2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрАтыраулық археологтар «Ақтөбе-Лаэти» қалашығына жүргізілген қазба жұмыстары барысында сирек кездесетін орта ғасырлық көне күміс монеталарды тапты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Атырау қаласы маңындағы «Ақтөбе-Лаэти» қалашығына археологиялық қазба жұмыстарын Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің археологтары жүргізген.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпаратына сүйенсек, көне тиын Жошы Ұлысында құрылған Алтын Орда мемлекетінің билеушісі Меңгу-Темір хан тұсында құйылған ақшалар тобына жатады. Ресейлік нумизматика профессоры монетаның бедерлі таңбаларын оқып, құндылығын аса жоғары бағалаған.
Бұл тиындар белгілі нумизматик ғалым Павел Николаевич Петровтың пайымдауынша ХІІІ ғасырдың екінші жартысына сәйкес келеді. Құйма ақшаның бір бетінде Меңгу-Темір ханның таңбалары, екінші жағында Қытай иероглифтері бейнеленген. Оның себебі Шыңғысханнан тараған Құбылай ұрпақтары мен Шағатай ұлысы арасында қақтығыстарда қолға түскен саяси тұтқын Номуханмен байланыстырады, – дейді археолог Амангелді Мұғауұлы.
Сонымен қатар археологтар қазбадан тағы көрнекті артефакт «Тағара» ыдысы да бүтін күйінде табылғанын айтады.
Биыл тарихи қалашықты қазуға Атырау облыстық тарихи-мәдени мұраларды зерттеу орталығы тапсырыс берген. «Соңғы екі-үш жылдықта бұл жерге ерекше көңіл бөліп жатырмыз. Қалашықтың 53 гектар аумағы толықтай қоршалды. Болашақта ашық аспан астындағы музейге айналдыруды жоспарлап отырмыз, – дейді облыстық тарихи-мәдени мұраларды зерттеу орталығының басшысы Толыбай Достыбаев.
Бүгінде көне қалашықтың 500 шаршы метр аумағынан аршып алған артефактілер оқу ордасының зертханасында терең зерттеледі деп жоспарланып отыр.
Айта кетсек, археологиялық зерттеуге аталған жоғары оқу орнында тарихшы мамандығында оқитын студенттер де қатысқан.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова