28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҚыс басталғалы Ақтөбе көшелерінен 210 мың текше метр қар шығарылды, деп хабарлайды El.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өңір басшылығының тапсырмасымен Ақтөбеде су тасқынын болдырмау бойынша жедел шаралар қабылдануда.
Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов су тасқынына қарсы іс-шаралардың барысымен танысты. Шанхай және Мәскеу ықшамаудандарының көшелерінде тәулік бойы қар шығару және еріген қар суын сору жұмыстары жүзеге асырылуда.
Мердігер ұйымдардың өкілдері Ералы Тоғжановқа жұмыстарға тартылған техника мен бригадалардың саны туралы баяндады.
Қазір күшейтілген режимде екі ауысымда қала көшелерінде 14 мердігер жұмыс істейді.
Жұмылдырылған арнайы техниканың саны 243 бірлікке дейін артты.
Жалпы, қыс басталғалы полигонға 210 мың текше метр қар шығарылды, 7 наурыздан бастап қала көшелерінен 17 мың текше метрге жуық еріген қар суы сорылды, 2 шақырым арық тазартылды.
Аралау қорытындысы бойынша Ералы Тоғжанов мердігерлерге алған міндеттемелерін сапалы орындауды тапсырды.
Су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасын табады.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?