28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАқтөбе облысында Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойына арналған шаралар жалғасуда, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойы аясында тағылымды шара ұйымдастырылды. Шара аясында облыс әкімінің орынбасары Жолдас Батырхан өңірдегі Әлия Молдағұлова есімді қыз-келіншектер, 2025 жылы дүниеге келген Әлия есімді сәбилер және олардың аналарымен кездесті.
Әкімдіктегілер бұл батыр қыздың есімін ұрпақ жадында сақтау мақсатында ұйымдастырылған игі бастама екенін атап өтті.
Кездесу барысында қатысушыларға мерейтойлық кәдесыйлар табыс етіліп, батыр бабалар ерлігі туралы тағылымды әңгімелер өрбіді. Әлия Молдағұлова есімінің ұрпаққа өнеге, ерлік пен отансүйгіштіктің символы ретінде маңыздылығы ерекше атап өтілді.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?