Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарКөрісу күнінде облыс әкімі Асхат Шахаров ғасыр жасаған қарияны мерекемен құттықтап барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кейуана Мария Уксукбаева екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында тылда жұмыс істеген. Кейін құрылыс саласында еңбек еткен.
1950 жылы тұрмыс құрып, өмірге 8 бала әкелген, бүгінде балаларының, немере-шөбере, шөпшектерінің ортасында мәуелі бәйтеректей болып отырған жайы бар.
Осыдан алты жыл бұрын Темір ауданынан көшіп келген кейуана бүгінде балаларының қолында Жаңақоңыс тұрғын алабында тұрып жатыр.
Бір жасыңыз құтты болсын. Көрісу күнінде сізге сәлем беріп кету үшін арнайы келдім. Балаларыңыздың барлығын аяққа тұрғызған батыр анасыз, көрген бейнетіңіздің зейнетін көріңіз, — деген өңір басшысы қарияға гүл шоғын ұсынды.
Батыр ана өзіне көрсетілген құрмет үшін ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?