Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекСоңғы жылдары Ақтөбеде жаңа жылдық безендіруге бюджеттен қаражат бөлінбейді. Биыл да ескі шыршалар мен әшекейлер қайта қолданылатын болады. Бұл туралы қала әкімдігі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қаланың басты шыршасы ҚР Тұңғыш Президенті атындағы Мәдениет және демалыс орталық саябағында орнатылады. Тағы екі шырша қала аудандарында, біреуі Есет батыр тұрғын ауданындағы супермаркет алдында, екіншісі жауынгерлік өнер сарайы мен Айтеке би ескерткіші жанында, қалалық әкімдік алдында орнатылады. Қаланы безендіру жұмыстары 16 желтоқсаннан кейін басталады. Сонымен қатар, жаңа жыл қарсаңында кәсіпкерлер ғимараттары орналасқан аумақтарды өз қаражаттары есебінен безендіреді. 2018 жылдан бері қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, көлік және автомобиль жолдары бөлімі шыршалар сатып алу мен оларды безендіруге қаражат бөлмейді. Бұрын қанша қаражат бөлінгенін қазір нақты айта алмаймыз. Мемлекеттік сатып алу рәсімдері 6 жыл бойы жүргізілген, ал құжаттар архивке тапсырылған, – деді Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Айгүл Байменова.
25-31 желтоқсан аралығында Ақтөбеде мерекелік іс-шаралар өтеді.
Басты шыршаны жағу рәсімі, балаларға арналған «Ғажайыпқа толы жаңа жыл» шоуы, сондай-ақ есту қабілеті бұзылған балалар мен аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арналған «Қош келдің, Жаңа жыл!» және «Жаңа жыл келді» іс-шаралары өтеді, – деп хабарлады Айгүл Байменова.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?