20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАқтаудан шыққан 24 жастағы жас химик, UNIST (Оңтүстік Корея) университетінің PhD-зерттеушісі Ғалымжан Молдағұлов әлемдегі ең беделді ғылыми басылым Nature журналында жарияланған мақаланың авторларының бірі атанды.
Бұл туралы әлеуметтік желідегі Alga.peterburg парақшасы жазды. Бүгінде Ғалымжан жасанды интеллект, робототехника және химия тоғысындағы зерттеулермен айналысып жүр. Халықаралық ғалымдар тобының құрамында ол тәулігіне 1000-ға дейін химиялық тәжірибе жүргізе алатын автономды мини-роботты әзірлеуге қатысқан. Мұндай көлемдегі жұмысты адам бірнеше жылда ғана атқара алады.
Робот реагенттерді өздігінен араластырып, реакция нәтижелерін талдайды және ғылыми гипотезаларды тексереді. Ол химиялық комбинациялардың орасан зор массивін зерттеуге мүмкіндік береді. Құрылғының құны шамамен 20 мың АҚШ долларын құрайды, ал оның сызбасы мен бағдарламалық коды ашық қолжетімділікке шығарылған.
Ғалымжан Молдағұлов - бұл жобадағы жалғыз қазақстандық азамат. Қазіргі таңда аталған технология дәрі-дәрмек әзірлеу саласында қолданылып, медициналық препараттарды жасау үдерісін жеделдетіп, оның құнын төмендетуге мүмкіндік беріп отыр.
Айта кетейік, PhD бағдарламасын аяқтағаннан кейін Ғалымжан Қазақстанда өз зертханасын ашуды және білімін ел игілігіне, қазақстандықтардың денсаулығы мен әл-ауқатын жақсартуға бағыттауды жоспарлап отыр.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?