Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАқтаудағы ұшақ апатын тергеу үшін Қазақстанға халықаралық сарапшылар келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
29 желтоқсанда Халықаралық Азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) бас хатшысының тапсырмасымен, авиациялық оқиғаларды тергеу секциясының басшысы Тормодур Тормодсон Ақтау қаласына келді. Қазіргі уақытта 17 халықаралық сарапшы апатты тергеуге қатысуда.
Көлік министрлігінің мәліметінше, ИКАО Қазақстанның авиациялық билік өкілдерінің тергеу барысында көрсеткен ашықтығы мен мүдделі мемлекеттермен тиімді ынтымақтастығын жоғары бағалаған.
25 желтоқсанда Ақтау маңында Бакуден Грозныйға бағыт алған Azerbaijan Airlines компаниясының Embraer 190 ұшағы апатқа ұшырады.
Ұшақ бортында 67 адам болған, оның ішінде 5-і экипаж мүшесі. Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдері оқиға орнына барып, жанып жатқан ұшақты сөндіру және зардап шеккендерге көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастырды. Тергеу жұмыстары жалғасуда, оқиғаның себептері анықталуда.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?