Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАқтауда 25 желтоқсанда апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines ұшағын бөлшектеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға салдарын жоюға 306 адам, 101 техника, 2 әуе кемесі және 6 кинологиялық есептоп жұмылдырылған. ТЖМ мәліметінше, кеше авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу нәтижесінде Ақтау медициналық мекемелеріне 29 адам, оның ішінде 3 кәмелетке толмаған бала құтқарылып, ауруханаға жатқызылған.
38 мәйіті табылды, олар медициналық сараптама орталығына жеткізілді, олардың ішінде 6 Қазақстан азаматы және 3 экипаж мүшесі бар. 7 адамның денесі анықталды. Сонымен қатар кеше іздеу тобының нәтижесінде ТЖМ құтқарушылары қара жәшікті тапты. Оқиға орнында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды, - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта Ақтауда апаттың себептерін тергеу жөніндегі үкіметтік комиссия жұмыс істеп жатыр. Жедел желі телефондарына шұғыл психологиялық көмек және ақпараттық сипаттағы 1063 өтініш түсті.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?