Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыТөтенше жағдайлар министрлігі Ақтауда ұшақ апаты кезінде көрсетілген алғашқы көмек туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақтауда ұшақ апатқа ұшыраған күні Қазақстан ТЖМ құтқарушылары апаттық жағдай туралы келіп түскен хабарламаға жедел ден қойған. №12 өрт сөндіру бөлімінің командирі аға сержант Серіболат Оңғар және оның әріптестері дереу оқиға орнына келді.
Ұшақтың құлауына байланысты шақырту түскеннен бастап оқиға орнына тез арада жетіп, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге кірістік. Біздің ең басты міндетіміз өртті сөндіру болды. Жауынгерлік қанат жайып, ұшақтағы өртті толықтай сөндірдік. Зардап шеккендерді құтқару жұмыстарын жүргізіп, Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлеріне көмектестік. Өзімізге жүктелген міндеттерді толықтай орындадық. Бұл оқиғаны сөзбен жеткізу мүмкін емес, - деп Серіболат көз алдында болған оқиғаны еске алды.
Құтқарушылардың әрекеті нәтижесінде өрт толығымен сөндіріліп, зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетілді. ТЖМ қызметкерлерінің кәсібилігі мен жылдам реакциясы апаттың салдарын азайтуға және адамдардың өмірлерін сақтап қалуға мүмкіндік берді.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары