23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіМаңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Ақтаудағы амфитеатр алаңында «Кешкі шай» шарасы аясында кеңес алаңы қала тұрғындарына қызмет көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шара барысында көрмеге қатысқан Маңғыстау облыстық білім, денсаулық сақтау басқармалары, өңірлік мансап орталығы, облыстық кәсіпкерлер палатасы, аграрлық несие корпорациясы, Отбасы банкі, Есенов университеті ұжымдарының мамандары сұрақтарға жауап беріп, тұрғындар үшін аса пайдалы кеңес берді.
Аталған көрмеде тұрғындардың өздерін қызықтырған мәселе бойынша тиісті мамандарға жүгінуіне мүмкіндік қарастырылды. Сонымен бірге биыл мектеп бітірген түлектер үшін қаладағы іргелі оқу орнының ұжымы тиісті бағыт-бағдар бергенін ерекше атауымыз керек.
"Кешкі шай" мәдени-әлеуметтік жобасында талапкерлердің университет павильонына көптеп барғаны байқалды.
Биыл баласы мектеп бітірген Сәуле есімді қала тұрғыны көрме аясында кеңес қызметін жүгінгенін жеткізді.
Баламыз мектеп бітіргенімен әзірге құжатты жоғары оқу орнына тапсырған жоқ. Өзі гуманитарлық бағытта оқығысы келеді. Есенов университеті арқылы еліміз бойынша басқа да оқу орындарына құжат тапсырудың жайы туралы сұрадық. Алда құжаттарын реттеген соң аталған білім ошағына баратын боламыз. Мамандар бізге не істеу қажеттігін айтты, - деді қала тұрғыны.
Амфитеатр алаңында көрмеге жиналғандарды қарасы көп. Олардың дені сала мамандарына жүгінсе, кітапсүйер қауымға пайдалы әдебиеттер сатылымға шығарылды. Бұдан бөлек өздері ұсынған кітапта өзге де кітапқа ауыстырудың мүмкіндігі ұсынылды.
Айта кететін жайт, бүгінгі шараға «Kitapal», «Жаным гүлдер орталығы», «Uide» антикафе, «MangystauPrint», «Sneakerhub», «Кеттік Маңғыстау», «Муслим Дзюдо клубы» және де «Aqtau Wood типографиясы» қолдау көрсетті.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады