Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАқтау қаласының негізгі ауыз су көзін қамтамасыз етуші – «МАЭК» ЖШС. 2 қарашадағы ақпарат бойынша бүгінгі таңда «МАЭК» ЖШС су қоймаларын толтыруда қиындықтарға тап болып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ауыз судың жетіспеушілігінің негізгі себептерінің бірі – Ақтау қаласының жылумен жабдықтау жүйелерін толтыруға ауыз судың көп бөлігі жұмсалуы.
Сондай-ақ, жылыту маусымы басталғаннан бері «МАЭК» ЖШС өндірген ауыз судың бір бөлігі қала тұрғындарын ыстық сумен қамтамасыз ету үшін пайдаланылуда, бұл да қаланы сумен қамтамасыз етуге әсер етіп отыр.
Қазіргі уақытта Каспий су тұщыту зауытын кеңейту жұмыстары аяқталуға жақын. Су тұщыту өндірісін ұлғайту арқылы, суды кезең-кезеңімен жеткізу жоспарлануда.
Сонымен қатар, Құйылыс-Меловое кен орнынан (ұзындығы 46 шақырым) су құбырының құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталуға жақын. Бұл құбыр іске қосылғаннан кейін Ақтау қаласына су жеткізу көлемін арттыруға мүмкіндік береді.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары