23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіМарқұм Алина Серікованың ағасы Бауыржан Жолжан қарындасының атына мәжбүрлі түрде рәсімделген несиенің тағдыры туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2024 жылдың мамырында қарындасымның басынан өткен оқиғадан кейін оның есепшотын бірден жаптым. Өз кезегінде, сотталғандардың отбасылары несиені жабуы тиіс. Әзірге оған ешқандай өсімпұл қосылмайды. Олар ақшаны қайтарған бойда қарындасымның есепшотын қайта ашып, несиені толықтай жабамын, – деп түсіндірді ол.
Бұған дейін іс бойынша айыпталғандардың бірінің адвокаты Бауыржан Жолжанға қарсы арыз түсіргені белгілі болды. Қорғаушының айтуынша, сот отырыстарында ол тұрақты түрде буллингке ұшырап, бірнеше рет қорқыту хабарламаларын алған.
Еске сала кетейік, 2024 жылдың мамырында желіде марқұм Алина Серікованың видеосы тарады. Куәгерлердің айтуынша, ол биік ғимараттан секіріп, өз-өзіне қол жұмсаған. Қайғылы оқиға 19-мөлтек ауданда орналасқан №40 үйде болған. Оның өліміне күдіктілер сотталды.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады