Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАқтауда жылжымалы хайуанаттар бағының иесі жауапкершілікке тартылды. Еріктілер екі апта бойы зообақ иесінің қызметін тоқтатуға тырысқан, деп хабарлайды Lada.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Олардың айтуынша, жануарларға мүлдем жағдай жасалмаған. Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің мамандары жүргізген тексеру нәтижесінде, хайуанаттардың ветеринариялық анықтамалары мен төлқұжаттары бар екендігі және оларға вакцина егілгені анықталған.
Өз құзыреті шеңберінде мамандар заң бұзушылықтарды анықтаған жоқ, – деп хабарлады ведомство.
Ал облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясындағылар жануарларға жауапты қарау туралы заңнаманы бұзғаны үшін (Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 407-2-бабы) кәсіпкерге 30 АЕК-ке дейін (110 760 теңге) айыппұл салынатынын айтқан.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді