10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыМаңғыстау облысының жастар ресурстық орталығы жұмыссыз жастар арасында графикалық дизайн курсын ұйымдастырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жаңа мамандыққа баулу сабағына өңір бойынша 30 адам қатысып, шеберліктерін шыңдады.
Кәсіп үйрену сабағына қатысатын жастарды іріктеу барысында жүздеген өтінім қабылданды. Шарт бойынша олардың арасынан тек декреттік демалыстағы аналар мен жұмыссыз жастар, көп балалы отбасының балалары қамтылды.
Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен мамандыққа баулу курстары ұйымдастырылуда. Бұған дейін біздің орталық мобилография бойынша курс өткізген болатын. Бұл жолы графикалық дизайн сабағы өтіп, оған өңірдің жұмыссыз жастарымен бірге декретте отырған аналар да қатысты. Бұл шараның маңызы ерекше. Заман талабына сай олар енді өздері меңгерген сала бойынша жұмыс істеуге мүмкіндік алады, - деді Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының басшысы Гүлмира Бурхандинова.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді