28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАқтау қаласында жаңа аялдамалар орнатылып жатыр. Қазіргі таңда 100 аялдама нүктесінде құрылыс және жаңарту жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жоба бойынша 78 орынға жаңа аялдама орнатылады. Бұған дейін бұл нүктелерде автобустар тұрақтағанымен, жолаушылар үшін арнайы аялдама қарастырылмаған еді. Сонымен қатар қала аумағында тозығы жеткен 22 аялдама жаңартылмақ.
Ақтау қаласында бұрын-соңды болмаған жаңа аялдама кешендері орнатылуда. Олар ескі аялдамалардың орнына, сондай-ақ жаңадан бой көтерген шағын аудандардағы жол бойына орналастырылмақ. Қоғамдық көлік инфрақұрылымын жетілдіру – қала үшін басым бағыттардың бірі. Аялдама кешендерін орнату кезінде тұрғындардың қозғалыс бағыты, жолаушылар ағыны және қауіпсіздік мәселелері жан-жақты ескерілді, – деді Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Асхат Нұрмұхан.
Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр. Барлық аялдама нүктелері талапқа сай жабдықталып, пайдалануға берілетін болады. Жауапты бөлім басшысы мердігер мекеме «Альфа Про» ЖШС атқарып жатқан жұмыстармен танысып, жұмыстарды жүйелі әрі жедел атқаруды тапсырды.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?