Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАқтау қаласы полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік инспекторы қызметтік тексеру барысында қаланың санитарлық жағдайын бұзған деректі анықтады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Кіші оймаша көлінің маңында белгісіз жүк көлігі рұқсат етілмеген орынға құрылыс қалдықтары мен тұрмыстық қоқыс төгіп жатқан жерінен ұсталды.
Полиция қызметкерлері құқық бұзушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы — «Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу» бойынша хаттама толтырып, тиісті әкімшілік айыппұл салды. Сонымен қатар, жүк көлігі айыппұл тұрағына қойылды.
Қала тұрғындарын және көлік жүргізушілерін Ақтау қаласының тазалығы мен тәртібін сақтауға шақырамын. Рұқсат етілмеген жерлерге қоқыс төгу - тек заң бұзушылық қана емес, сонымен қатар қоршаған ортаға зиян келтіру екенін естен шығармауымыз қажет, - деді Ақтау қалалық полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Бағытжан Арысов.
Ақтау қаласы әкімдігі тұрғындарды табиғатты қорғауға, қоғамдық тәртіпті сақтауға және туған қаламызды таза ұстауға белсенді атсалысуға үндеп отыр.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары