6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҰлттық ұлан “Батыс” өңірлік қолбасшылығының 6656 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Қайрат Шырақбаев жол-көлік оқиғасының куәгері болып, зардап шеккен жаяу жүргіншіге алғашқы көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 31 қазан күні сағат 14:40 шамасында Ақтау қаласындағы шағынаудандардың бірінде болған. Chevrolet Aveo көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Сол маңда жүрген кіші сержант Шырақбаев апатқа куә болған. Ол уақыт жоғалтпастан, бірден көмекке асыққан. Оқиға орнына бірден жедел жәрдем мен полиция қызметкерлерін шақырған.
Жағдайды бағалай отырып, мен зардап шеккендерге дереу алғашқы медициналық көмек көрсеттім. Жедел жәрдем келгенге дейін азаматша өз-өзіне келді, – дейді ұландық сержант.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі