23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАқтауда үлескерлердің есебінен бой көтеріп жатқан көппәтерлі тұрғын-үй кешендерінің салымшыларымен және қаладағы тұрғын үйге қатысты мәселелерімен келген азаматтарды өңір басшысы қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тұрғындармен кездесуге құқық қорғау органдарының өкілдері, құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы, сондай-ақ, сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің басшылары қатысты. Салымшылар тұрғынүй құрылыстарының тұралап қалғанын айтып, құрылыс процесіне қойылған негізгі талаптары орындалмағанына шағымданған.
Қабылдауға келген азаматтардың бірі құрылыс компаниясының директоры болған ұлының үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша көмек көрсетуді сұрап, тиісті қолдау шараларын қарастыруды өтінді.
Облыс әкімі заң талаптарына сәйкес, құрылыс компанияларына қойылатын талаптар күшейтіленінін айтып, салымшылардың мүдделерін қорғау үшін жауапты мекемелерге тиісті шаралар қабылдау жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады