29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАқтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов ауа-райына байланысты қар тазалау жұмыстарын арнайы бақылап, коммуналдық сала қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгінде қала аумағында қар тазалау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қала әкімінің тапсырмасымен әлеуметтік маңызы бар нысандар мектеп, аурухана және жұрт көп шоғырланатын жолдарға аса мән беріліп отыр.
Қар тазалау жұмыстарын бақылау барысында қала әкімі жауаптыларға орталық жолдан бөлек шағын аудан ішілік жолдарға да басымдық беруді тапсырды. Бұл ретте шаһар басшысы қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында қар тазалау жұмыстары өз бақылауында болатынын жеткізді.
Айта кетейік Ақтауда толассыз жауған қардың әсерінен коммуналдық сала қызметкерлері күні-түні қар тазалау, оны шығару және көктайғақтың алдын-алу жұмыстарымен айналысуда.
Бүгінгі күні қаланың орталық жолдарын қардан тазалауға 100-ден астам қызметкер мен 17 техника жұмылдырылса, шағын аудан ішілік автомобиль жолдары мен жаяу жүргінші жолдарын тазалауға 350-ден астам қызметкер мен 10-нан астам техника күшейтілген режимде жұмыс істеуде.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек